Bugin
Фото: depositphotos.com
Серікбол Ермахан есімді ақын, журналист өзінің азапты өмірі туралы айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі “Көреміз” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол 1977 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген. Астана қаласындағы аграрлық университетте 1996-2000 жылдар аралығында білім алған. Республикалық газет-журналдарда тілші болып, авторлық кітабын жарыққа шығарған.
Оның жағдай қазір өте нашар. Ол қазір қойшылық қызметте. Ақысын ала алмай қиналып жүр екен.
“Мұң-зарымды параққа төкпелеймін,
Қатарымнан қалыппын көпке кейін.
Өз қолыммен жасаған тағдырыма,
Кінә қойып, несіне өкпелейін?!”,-дейді кейіпкердің өзі.
Ақынның басынан кешірген тауқыметі туралы “Көреміз” ұжымы бағдарлама әзірлеп жатыр. Жуырда тәлкекке толы тағдыр туралы эфир көрерменге жол тартады.