Bugin

“Қазақфильмнің жағдайы мүшкіл": Азамат Сатыбалдының басы дауға қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: әлеуметтік желіден 

"Қазақфильм" автосалонға айналған ба? Шәкен Айманов атындағы киностудияның аумағында соңғы күндері қытайлық көліктер қаптаған. Бүгін актер Қуандық Дүйсенбаев оған наразылық білдіріп қара шаңырақтың проблемасын жайып салды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Киностудия басшысы Азамат Сатыбалдының өзі әлеуметтік желіде қытай автокөліктерін жарнамалап жүргені баршаға белгілі. Тзілген көліктерге қарасаң бұл жерді автосалонға ұқсайды. Алайда бір түсті, бір маркалы қытай көліктері қаланың қақ ортасындағы "Қазақфильмнің" аумағында тізіліп тұр.

Оған рұқсат берген киностудия басшысы Азамат Сатыбалдының әрекеті әріптестерінің шымбайына батқан.

"Шәкен Айманов атындағы қара шаңырақтың онсыз да хәлі мүшкіл кезде аумағын оңды-солды пайдалану қисынға келмейді ", дейді Қуандық Дүйсенбаев.

Актер Қуандық Дүйсенбаев алғашқылардың бірі болып әлеуметтік желіде үндеу жасаған.

"Ер жігіт ер жігітті даттамайды, күндемейді. Мен Азамат Сатыбалдының артына түсіп алған азамат емеспін. Өзім осы киностудияда 12 жылдай қызмет етемін. Қазіргі киностудияның жағдайы мүшкіл болып тұр. Оған тікелей басшы кінәлі болады. Павильонның бағасын 250 пайызға көтеріп жіберді. 200 мың теңге болатын. Қазір 750 мың теңге болды. Ал жалға алуда шаршы метрін 100 пайызға көтерді", - дейді актер Қуандық Дүйсенбаев.