Bugin

Германияға жұмыс істеуге кеткен әйел жанайқайын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Германияға жұмыс істеуге кеткен әйел мұңын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Әлеуметтік желіде Германияда жұмыс істеп жүрген әйелдің видеосы тарады. Видеоны мына сілтемеден көре аласыз https://t.me/buginkz_kz/5069

Әйел видеода екі дипломы бола тұра неге шетелде жұмыс істеп жатқанын түсіндіреді. Әрі үш баласы Қазақстанда қалып кеткен соң, ұйқысы тыныш емес екенін жеткізген.

"Мен қыдырып жүрген жоқпын. Мен адал еңбекпен нан тауып жатырмын. Кейде қынжыламын, осы жұмысты елде де істеп жүре берсе болады ғой деймін. Неге елімізде лайықты қаражат төленбейді? Бұл жақта адал еңбегімнің ақысын лайықты түрде аламын. Ал Қазақстанда жұмыс істеп, мен көптеген әділетсіздіктерге ұшырадым",- дейді келіншек.

Әйел Германияда ешқандай азаматтығы болмағандықтан қара жұмыс істеуге мәжбүр екенін жеткізді. 

"Өз елімізде болсақ, басқа да жұмысты, таза жұмыс істеуге болады. Бірақ төленетін қаражат мардымсыз",- делінген видеода.