Bugin

"Адам саудасы": Бойжеткендерді Үндістандықтарға сатып жіберген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белгісіз адамдар бір топ қызды Үндістандықтарға сатып жіберген, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы.

Адам саудасымен айналысатындар бір топ қызды Үндістандықтарға сатып жіберген, Ол қыздардың арасынан Афруза есімді қыз қашып кеткен. Ол тез арада полицияға жағдайды баяндаған. 

Афруза 2022 жылы Дехлиге құлдықпен келген. Оны бұл жерде тұтқындықта ұстап, жезөкшелікке мәжбүрлеген. 

"Әр жылы Орталық Азиядан жүздеген қыздар адам саудасына түседі. Олардың көбін Дехлиге әкеледі. Қыздар күніне бірнеше адам қабылдауға мәжбүр",-дейді бойжеткен.

Дехли полициясымен Empowering Humanity орталығы қызды және оның жанындағыларды құтқарып қалды. 

"Адам саудасымен айналысатындар барынша кедей қыздардың ізіне түседі. Немесе отбасы жоқ, отбасын асырай алмай сандалып жүргендерді ұстайды. Алдайды. Мен жақсы жұмыс үшін келістім. Адам саудасы екенінін осы жерге келіп білдім",- дейді Афруза.