Bugin
Қостанайда такси жүргізушісін пышақпен қорқытқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қостанай облысының полиция департаменті мәліметінше, 6 қаңтардан 7 қаңтарға қараған түні Рудныйдың екі тұрғыны облыс орталығына таксимен барған. Жолаушылардың бірі қалаға кіре берісте такси жүргізушісінің мойнына пышақ тақап, ақша талап етіп, оны басқа елді мекенге жеткізсін деген.
Такси жүргізушісі полицейлердің қызметтік көлігін көріп, назарын аудару үшін әдейі соқтығысқан. Осы сәтті пайдаланып, ол көліктен қашып шыққан. Осы кезде күдікті оқиға орнынан жасырынуға тырысқан. Бірақ оны патрульдік полицейлер тез арада ұстады.
"Тонауға оқталу" қылмыстық іс фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ведомство қақтығыс нәтижесінде ешкім зардап шекпегенін атап өтті. Қызметтік автокөлікке елеусіз материалдық залал келтірілді", - деп хабарлады полиция.