Bugin

Қазақстан әскери күш бойынша мемлекеттер рейтингінде нешінші орында тұр?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан әскери күш бойынша мемлекеттер рейтингінде қай орында тұрғаны анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл мәлімет әлем елдерінің әскери қуатын 60 түрлі көрсеткіш бойынша есептейтін Global Firepower-2024 рейтингінде анықталған. Қазақстан әскери күш бойынша 145 мемлекеттің ішінде 58-орынды иеленді.

Рейтингте Қазақстаннан кейін Әзірбайжан (59), Беларусь (64), Өзбекстан (65), Түркіменстан (83), Қырғызстан (100), Тәжікстан (107) елдері орналасқан.

Әскери қуаты ең жоғары елдер – АҚШ, Ресей және Қытай. Ал 145 ел- Бутан елі болған.

Былтыр Қазақстан аталмыш рейтингте 63- орында болған еді.