Bugin
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы жаңа деректі айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасап.
Салтанат Нүкенованы аса жауыздықпен өлтірген күдікті Қуандық Бишімбаевті қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға созылған.
Ал марқұмның туыстары 11 томнан тұратын сараптама қорытындысын шамамен бір ай қарайтындарын айтады.
Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен танысуға Астанаға арнайы келген. Марқұмның ағасының айтуынша, сот жақындаған сайын Қуандық Бишімбаев тамыр-танысының барлығын іске қосып жатқан көрінеді.
“Қуандық Бишімбаев ең ірі министрліктің тізгінін ұстады. Әлі күнге дейін билік тармағында оның жақын достары, таныстары бар. Қылмыс жасалған күннен бастап Бишімбаевтар отбасы барлық мүмкіндігін пайдаланғанын білеміз. Ықпалын пайдаланып кеткісі келеді. Олар бұл ретте адам өлімін ойлап жатқан жоқ, балаларына қатаң жаза тағайындалатынын ғана уайымдауда”, – деді Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді.
Бишімбаевтар әулеті әлі күнге дейін Салтанаттың әшекей бұйымдары мен бағалы киімдерін бермей отырған көрінеді.
“Ата-анам есеңгіреп, ауруханада жатқандықтан Салтанаттың заттарып алып кетуге мен бардым. Үйде Қуандық Бишімбаевтың анасы мен әпкесі болды. Адвокаттары алдымыздан шығып, бөгет жасауға тырысты. Ал туыстары кінәлі кейіп те танытпады. Анасы Салтанаттың заттарын жерге лақтырып, әшекей бұйымдарының бірін де бермеді. Құнды дүниелердің біразын Салтанат тұрмысқа шықпай тұрып алғанын ескерткім келеді”, – дейді Айтбек Амангелді.