Bugin
Фото: видеодан скриншот
Бельгиялықтар асырап алған Жәнібекке байланысты тың дерек анықталды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Қымбат Досжанның желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Бармысың, бауырым?" бағдарламасының жүргізушісі Қымбат Досжан әлеуметтік желідежаңа дерек туралы жазды.
"Мен, Жәнібектің әкесі болуым мүмкін. ДНҚ анализ тапсырайыншы, деп бір Бауыржан есімді азамат хабарласты. Бүгін Әсел Асқарқызымен бірге клиникаға барып, Бауыржан қан тапсырды. Енді нәтижесін күтеміз", – деп жазды Қымбат Досжан.
Бұған дейін ол Жәнібектің анасы болуы мүмкін деген 10 әйел зерттеу нысанына алынғанын хабарлаған болатын.