Bugin
Фото: Үлкен Манчестер полициясы
Францияда алты жыл жоғалып кеткен анлиялық бала аман-есен еліне оралды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі edition.cnn.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Алекс Бэтти 2017 жылы анасы Мелани Бэтти және атасымен бірге Испаниядағы демалыста жоғалып кетті. Ол қазір 17 жаста. Жасөспірім Францияның Жоғары Гаронна департаментіндегі Тулуза қаласының маңында табылды.
Үлкен Манчестер полициясы бастығының көмекшісі Мэтт Бойл:
"Алекстің алты жылдан кейін Ұлыбританияға аман-есен оралғанын айту маған үлкен қуаныш", - деді.
Баланың анасы қайда екені белгісіз. Оның заңды қараушысы әзірге әжесі ғана. Жарты жыл бұрын оның атасы қайтыс болған.
"Мен Алекстің аман-есен табылғанына қуанышымды айтып жеткізе алмаймын", - деді әжесі.