Экономика
Құнды қағаздар жайлы не білеміз?
Айта кету керек, өте жылы ғана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтан қаласында ресми түрде АХҚО қызметін қосу үшін арнайы гонг соғып, мерейлі күнде сөз сөйлеп, халыққа халықаралық қаржы оратылығының маңыздылығын айтып өткен болатын. Ал бұл қызметтің маңыздылығы бұл бизнес пен инвесторлар үшін таптырмас мүмкіндік.
IPO (initial public offering- халыққа бастапқы бағада ұсыну) қандай да бір компанияның акциясын сату үшін көпшілікке бастапқы ұсыну,бұл жердегі "бастапқы"сөзі компанияның өз акциясын биржаға бірінші рет шығаратынын білдіреді.
Халықтық IPO азаматтарға табысты кәсіпорындардың акцияларына ие болып, содан пайда табу мүмкіндігі.
Халықтық IPO мемлекеттік компанияларға қаржыларын өндіріспен кәсіпорынды кеңейтуге және дамытуға, жаңғыртуға салу мүмкіндігі.
Халықтық IPO инвесторлардың санын көбейту және жаңа инвесторлар тартумен қатар құнды қағаздар нарығын дамыту.
Жалпы бұл сектор Еуропа,АҚШ сынды алпауыттармен салыстырғанда біздің елде кештеу дамып келе жатқан салалардың бірі. Атқарылып жатқан жұмыстарда аз емес. Халықтық IPO Самрұқ-Қазына компаниялар тобына кіретін ұлттық компаниялардың акцияларын ҚР азаматтары арасында орналастыру бағдарламасын ұйымдастыру 2011 жылы алғаш қолға алынды.
Халықтық IPO бағдарламасы қазақстанның қор биржасы арқылы (KASE) жүзеге асырылады. Аталмыш қорда листингтен өткен 50-ге жуық ұлттық компаниялар бар. Бұл деген сөз кез-келген ҚР азаматтары осы компаниялардың құнды қағаздарын сатып алуға,компанияны басқаруға өз үлестерін қоса алады және онысына дивиденд арқылы пайда табу мүмкіндігіне ие болады.
Нарықта көш бастап тұрған табысты компаниялар арасында АО "KEGOC",AO "КАЗАХТЕЛЕКОМ", "КазТрансОйл" және т.б компаниялар бар.