Bugin

Енді қазақстандықтар Кореяда заңды түрде жұмыс істеуі мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Енді қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа орналасуы мүмкін. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Еліміздегі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  және Корея Республикасы Еңбек және жұмыспен қамту министрлігінің өкілдері онлайн-форматта келіссөздер жүргізіп жатыр. Қазақстанды Оңтүстік Кореяның "Employment permit System" жүйесіне (бұдан әрі – EPS) енгізу мәселесін талқыланды. Бұл қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа орналасуға, сондай-ақ оларға тең еңбек жағдайлары мен құқықтарды қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Еңбек министрі, Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев кездесуге қатысушыларға EPS жүйесі шеңберінде кореялық дайындық орталығын ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

Тараптар келісімге келуге дайын екенін білдірді.