БІЛІМ

Аңыз адам жайлы қызық дерек: Қонаев Назарбаевты "ұлым" дегені рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фотоколлаж: Bugin.kz / Айгерім Әділханова

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Жарты ғасырға жуық ел мен жер, мемлекет ісіне араласып, басшылық қызметін абыроймен атқарды. Bugin.kz порталы халық арасында жақсы атағы тараған басшы туралы ел есінде жүрген бірнеше фактіні ұсынады. 

1. Дінмұхамед Қонаев 1937 жылы өмірлік махаббаты Зуһра Шәріпқызымен танысады. Бір шаңырақ астында 50 жыл, 6 ай, 2 күн бірге өмір сүрген. Жұбайын: “Маған Зуһра Шәріпқызы ең жақын, ең қимас дос”, - деп бағаласа, онымен бірге өткен уақытын: “Ол қайта айналып келмейтін, маңдайға бір-ақ рет жазылатын бақыт", - деп санаған.

2. Қонаев отбасында 11 баланың 4-іншісі болған. Оның бойы – 198 см. Өзі 46-өлшемдегі аяқ киім киген. 

3. Негізгі хоббиі – қару-жарақ коллекциясын жинау. Аңшылықты ұнатқан. Сонымен қатар оттық жинаумен де айналысқан. Коллекциясында 476 оттық болған.

4. Шағын пәтерінде (қазір мұражай) 24 жыл өмір сүрген, пәтер ауданы – 200 ш.м.

5. Зинаида Жукова Дінмұхамед Қонаевтың жеке хатшысы болған. Ол Қонаевпен бірге 23 жыл жұмыс істеген. Хатшысы 100 жасқа дейін өмір сүрді. 2023 жылы 4 қарашада дүниеден өтті.

6. Ахат Мулюков 20 жыл бойы Қонаевтың жеке дәрігері болды. “Дінмұхамед Қонаев 82 жасқа дейін өмір сүрді, ал мен оның денсаулығын 20 жыл бойы бақылап отырдым. Ол кісі қайтыс болған күні қасында болдым. Бірақ құтқарып қалу мүмкін болмады, өйткені жүрегі әділетсіздіктен қатты шаршаған еді", - деген жеке дәрігері естелігінде. 

7. Қонаев 40 жылда 47 қала салған. Ол басшылық құрған 60-80 жылдары қазақтардың саны 3 есе артты.

8. Қонаевтанушы Ораз Қауғабай "Қонаевтың өмірінде және қызметінде "2", "12", "22" деген сандарға байланысты тылсым, сыры жұмбақ жағдайлар өте көп болғанын айтады. “Димекең 1912 жылы 12 қаңтарда дүниеге келді. 82 жасына қараған шағында 22 тамыз күні (1993) дүние салды. Өмірінде үлкен қызметке келуі тағы "2" санымен байланысады. Ең қайран қалдыратыны – Димекеңнің бойында әл-Фараби даналығы бойынша кемеңгер патшаға тән "12" қасиеттің түгел тоғысқанына көзіңіз жетеді", - деп пікір білдірген.

9.1981 жылы Қонаев 70 жылдық мерейтойын тойлау қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаевты ұлым деп атады, яғни осылайша іс жүзінде мұрагері екенін білдірген.

10. Биыл 12 қаңтарда Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 112 жыл толды.