Bugin

“Есімі– Мақпал”: Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласының тағы бір болжамды анасы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Қымбат Досжан парақшасынан

“Бармысың, бауырым?” бағдарламасының жүргізушісі өзінің инстаграм парақшасында тағы бір болжамды ананың анализ тапсырғанын жариялады. Анасын іздеген Жәнібектің (Мұрат) ресми өкілі Қымбат Досжан әлеуметтік желіде хабарландыру жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

“Мына ақпаратқа назар аударыңыздар! Егер сіз, 2001-2003 жылдары Арқалық қаласының перзентханасында босанып, қолхат жазып, баладан бас тартып немесе қашып кеткен болсаңыз, анонимді түрде анализ тапсыра аласыздар”,- делінген жазбада.

21 жасар Эдди Жанға өмірге келген кезінде Жәнібек деген есім берілген екен. Алайда қазіргі уақытта Эдди Жан өзін Мұрат деген есіммен атап жүр.