Bugin

"Бишімбаевтың кінәсі жоқ". Қоғам белсендісі әйелін өлтірген экс-депутатқа қатысты пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қоғам белсендісі Бақытжан Құрманов берген сұхбаттарының бірінде Қуандық Бишімбаев туралы өз пікірін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

 

Бақытжан Құрманов сұхбатты “Bilgen Durys” YouTube арнасына берген. Видеонвң толық нұсқасын мына сілтемеден көре аласыз https://t.me/buginkz_kz/5074
Ол сұхбатта Қуандық Бишімбаевты емес, оны түрмеден шығарған адамдарды жазалау керектігін айтады. Ал әйелін өлтіруіне  әкесінің берген тәрбиесі кінәлі екенін айтты.

”Бишімбаевтың кінәсі жоқ. Оны соттауға болмайды. Ол жас бала. Оны кезінде экспо қарамағында болғанда миллиардтарды алды деп айыптады. Бұған да оны кінәлауға болмайды. Ол ұясында не көрді, ұшқанда соны көрсетті. Басқа ештеңе істеген жоқ. Бишімбаевтың әкесін соттау керек. Бишімбаевты сондай деңгейге жеткізгендерді жазалау керек”,- деді ол.

Ол Бишімбаев бәрібір жазасын толық өтемейтінін айтты. Тағы да шенділер араласып, шығарып алады деп отыр.

“Өте ауыр қылмыс жасады. Өзіңнің сүйіп алған әйеліңді қиянатпен өлтірді. 6-ақ жыл алу деген… Ол ертең 3 ақ жылдан кейін шығады. Әділдік қайда?”,- деді қоғам белсендісі.