Bugin

"Өздерінің інілері солай жатса вертолетпен жұлып алар еді": Өлі не тірі екені белгісіз құтқарушының әйелі жанайқайын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Майқайыңалтын" шахтасында құтқарушылар мінген автобус жер астына түсіп кеткен еді. Екі құтқарушының денесі табылды, қалған екеуі әлі табылмаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Өлі не тірі екені белгісіз екі құтқарушының бірі Айдос Шаймерден. Ол құтқару қызметінің жедел алдын алу жөніндегі взвод командирінің орынбасары. 37 жастағы жігіт 5 баланың әкесі. Әйелі әлі де дұрыс іздеу жұмыстары жүргізілмей жатқанын айтады. 

"Сол күні жолдасымның айтқаны әлі есімде. "Көмірді бір аптаға жететіндей жарып кеттім, мен енді келмеймін. 4 баланы теңдей көр!" -дегенін еске аламын да егілемін. Маған Үкімет бөлетін 4 млн керек емес, маған жолдасым керек",-дейді Айдостың жары Нұрсұлу. 

Әрі келіншек жұмыс барысы өте баяу жүріп жатқанын айтады. 

"Басшылардың өзі апат болған күні өзара келіспей жүрген. Қабдулов өзінің беделі үшін өзі жұмыстан босатқан маманды дер кезінде шақыртпаған. Өздерінің інілері солай жатса вертолетпен жұлып алар еді",-деп ашынды келіншек.