Bugin
Қызылжарда әйелін пышақтап өлтірген жігітке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап.
Надир Абдуллаев түнде үйіне келіп, масайып алған әйелімен жанжалдасып қалған. Балалрдың көзінше жанжалдаспау үшін, далаға шыққан. Ер адам ашуға булығып, жарына бірнеше рет пышақ сұққан. Жәбірленуші ауыр жарақаттан қайтыс болды.
Күйеуі әйелдің денесінен құтылуды жоспарлайды. Ол інісін шақырып алып, екеуі үйдің қасындағы тоғайға әйелді көміп тастаған. Тергеу мен сот процесі жарты жылға созылды. Сот бүгін күдіктіге қатысты үкім шығарды.
"Сот Надир Абдулаевті ҚР қылмыстық кодексінің 99 бабы бірінші бөлімі бойынша кінәлі деп тауып, 10 жылға және 6 айға бас бостандығынан айырсын. Оның сыбайласы Иса Гасанов та кінәлі деп танылып, ҚР қылмыстық кодексінің 432 бабы бойынша бір жарым жылға бас бостандығынан айырылады",-деп хабарлайды СҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Нүршәріпов.