Bugin
Алаяқтықтың жаңа түрі қазақстандықтарға қауіп төндіріп тұр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Астана полициясының баспасөз қызметі қазіргі уақытта қазақстандықтардың WhatsApp-ына заңсыз кіріп, олардың атынан контактідегі барлық адамға қарызға ақша сұрау фактілері жиілеп кеткенін айтты. Алайда бұл кезде бейтаныс тұлғалардың банк шоттары көрсетіледі.
Алаяқтар сілтемені пайдаланып, көрсетілген сілтеме арқылы өткеннен кейін олардың WhatsApp жеке жазбасына қол жеткізетіні анықталды.
"Осыған байланысты біз азаматтарды, мысалы, жүлделер ұтыс ойыны, балаларға дауыс беру, кез келген тақырып бойынша сауалнама түрінде таратылатын күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуді, сондай-ақ ешбір жағдайда өздерінің жеке деректерін енгізбеуді ескертеміз”,-делінген хабарламада.