Bugin
Ер адам 22 жастағы әйелін көшеде буындырып өлтірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқиға Қырғызстанда болған.
Баткенде 22 жастағы келіншек күйеуінің қолынан қаза тапты. Күйеуі оны үнемі сабап, ұрған.
Полицияның мәліметінше, әйелдің 32 жастағы күйеуі оқиға орнында ұсталған. Олардың екі қызы болған.
Келіншектің көршілері мен таныстары күйеуі оны жиі ұрып-соғатын адам болғанын айтты.
"Бұл жағдайға қайғыра көңіл айтамыз. Құрметті қыздар, келіншектер! Егер сіздерге біреу зорлық көрсетсе дереу бізге мәлімдеңіздер. Сіздердің өмірлеріңізді сақтап қалу біздің мойынымызда",-дейді Қорғаныс Комитетінің төрағасы Қамшыбек Тәшиев.