Bugin

"Бағдарламаға барсаң, жұмыстан шық деді": Соққыға жығылған автобус жүргізушісінің ұжымдасы бар былықтың бетін ашты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда болған автобус апатынан кейін соққыға жығылған жүргізушінің ұжымдасы бар былықтың бетін ашты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Көреміз" бағдарламасына сұхбат беруге келген автобус жүргізушісін басшылық қысымға алған.  

"Осы жерге келу оңайға түскен жоқ маған. Жолдан қанша адам тоқтатты. "Жұмыстан шық" деді. "Білгендеріңді істеңдер" дедім. Басымды кесіп алсын. Жоғарыда отырғандардың құйтырқы әрекеті бәрі. Ермектің айдайтын автобусы жеке автобус. Қолдарына 200-250 мың айлық береді. Қалғанын автобустан тауып ал дейді. Енді ол жолаушылармен 200 теңгеге тістеспегенде не істейді",-дейді жүргізуші. 

Сонымен қатар басшылық аз жалақы беріп, қалғанынжүргізушілердің өзі табуға мәжбүрлейтін көрінеді.

"Мысалы маған 700 мың айлық деп жазылып тұрады. Бірақ қолыма 300 мың ғана тиеді. Қзаір артымда мың автобус жүргізуші қарап отыр. Ермектің ешқанай кінәсі жоқ",-деді ол.