Bugin

“Фастфуд жеп сотталды”: Пара алған әділет капитанының үстінен іс қозғалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фастфудты пара ретінде алдыртқан әділет капитаны сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған Қылмыстық кодексінің 366-бабының 1-1-бөлігі ("Құқық қорғау органының қызметкері бола тұра, пара алу") бойынша айып тағылды, деп хабарлайды Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

К. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД Еңбекші аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы лауазымын атқарып жүріп, яғни құқық қорғау органының қызметкері бола тұра 12 қазан 2023 жылы сағат 20:00 дер шамасында және 22 қазан 2023 жылы 19 сағат 30 минут шамасында өзінің бақылауындағы сотталған – жаза өтеуші Н.-ның пайдасына жасаған іс-әрекеті, яғни қадағалау және бақылау жұмыстарын жүргізу кезінде жалпы қамқорлығы үшін 12 668 теңге тұратын тағамдарды (фастфуд) пара ретінде алдырған.