Bugin
Қаңтар оқиғасына қатысты сотталғандар саны белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар оқиғасы үшін 1396 адам сотталған.
Бас прокуратура тергеу әлі де жүріп жатқанын хабарлады.
"Қаңтар оқиғасын тергеп-тексеру жалғасып жатқанын хабарлаймыз. Сондықтан ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талабына сай, ақпарат жарияланбайды. Осы оқиғаларға қатысы бар-жоғы туралы жеткілікті дәлелдер алынған тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бүгінге дейін 1396 адам сотталды",-делінген хабарламада.