Bugin

Өскеменде үйдің кіреберісінде ер адамды атып кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өскеменде үйдің кіреберісінде ер адамды атып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап. 

ШҚО полицейлері облыс орталығында оқ атқан ер адамды ұстағандарын айтты.

13 қаңтар күні облыс орталығының “102” арнасына дабылды қоңырау түскен. Қоңырау шалушы кіреберісте ер адамның мәйіті жатқанын хабарлаған.

"Оқиға орнына барған бойда мәйіт табылды. Болжам бойынша ер адам оқ жарақатынан қайтыс болған", - делінген хабарламада.

Бұл фактіге дереу патрульдік бөлімшелер жедел ден қойып, 10 минуттың ішінде 26 жастағы күдікті ұсталды.

Аталған факті бойынша кісі өлтіру (ҚК 99) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.