Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Абай облысында 17 жолаушысы бар автобус жыраға түсіп кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқиға Үржар ауданында, Мақаншы ауылынан 35 шақырым жерде болған. Қатты желдің салдарынан коммерциялық жолаушылар автобусының 31 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, жыраға түсіп кеткен.
Автобустың Қабанбай батыр ауылынан Алматыға бағыт алғанын хабарлады.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 адам ауруханаға түсті. Қазір автобусты жырадан шығару жағы қарастырылып жатыр.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61