Bugin
Тісін емдетуге барған 3 жасар қыз қаза болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқиға Қырғызстанда болған. Ата-ана тісін емдетуге алып барған үш жасар қызының мәйітін алып шықты. Қыз тісін емдетіп жатып, дәріден улануы мүмкін. Немесе анафилактикалық шок алған болуы мүмкін.
Бүгінде үш жасар қыздың туыстары әділдік іздейді.
"Осы іс бойынша анестезиолог күдікті деп танылып отыр. Оны үй қамауына шығарып жібереді деп қорқып отырмыз. Келінім "жынды" боп қалды. Тіпті сөйлей де алмайды. Тіс дәрігері де қамалуы керек. Бірдеңе десең "бойымда бала бар" деп шығады. Қандай жүрегі жоқ әйел. Маған ата-анасын жібереді, кешірім сұратып. Неге өзі келмейді?",-деп ашынды бүлдіршіннің әжесі.