Bugin
Қызылордада екі кішкентай сәби мен олардың анасы өлімнен аман қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қызылорда облысы ТЖД-ға сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 12 қаңтарда сағат 21:40 Қызылордадағы Тасбөгет кентіндегі Наурыз көшесі N20 мекенжайда екіқабатты тұрғын үйдің екінші қабатында өрт шыққаны туралы 112 құтқару қызметіне хабарлама келіп түскен.
Хабарлама бойынша шақырту орнына жедел жетіп, барлау жұмысы барысында екіқабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің тұрмыстық заттар өртеніп, соның салдарынан подъезді толығымен түтін басқан.
Өртсөндірушілер түтін ішінен 2021 жылы туған және 2023 жылы туған сәбилерді анасымен бірге құтқарып, медициналық жедел-жәрдем бригадасына тапсырды.
Өрт сағат 21:58-де толығымен сөндірілген.
"Өрттің болжамды себебі - электр сымдарының қысқаша тұйықталуы. Өрт салдарынан қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ. Оқиға орнында өрт сөндіру жұмысына N4 өрт сөндіру бөлімінен, өрт сөндіру кезекші қызметінен, арнайы қызметтерден мамандар (8 техникасымен 23 қызметкер) жұмылдырылды",-делінген хабарламада.