Bugin

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Екібастұз бен МАЭС-1 станциясын жалғайтын автожолдың көпірінде екі жеңіл көлік соқтығысқан. Салдарынан жүргізуші мен жолаушы қаза болды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға МАЭС-1 станциясына апаратын автожолдың бойында болған.

"Көпір үстінде Митсубиси маркалы автокөлік "Вольво" автобусын басып озып, қарсы жолақта "Ауди" жеңіл көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік апатының салдарынан "Ауди"көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - дедінген хабарламада.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61