Bugin

"Өзінің беделі үшін жұмыстан босатылған білікті маманды опырылған жерге жақындатпаған": Майқайыңдағы апаттың былығы ашылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Майқайыңдағы апаттың былығы туралы журналист Гүлмира Әбіқай өзінің Инстаграм парақшасында жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.

Төртінші қаңтар күні автобус Майқайың кеніші шахтасының маңында жер астына түсіп кеткен еді. Шахтадағы адамдардың бәрі аман. Ал автобуста болған төрт адамның екеуі өлі табылды. Автобус және ішіндегі екі құтқарушы әлі табылған жоқ.

Табылмай жатқан құтқарушылардың бірі Айдос Шаймерден. Оның келіншегі күйеуінің өлі не тірі екендігін білмей, журналистке хат жолдаған. 

"Сол күні таңғы 1:35 те оларға қоңырау түсті. Шахтада жарылыс болды деді. Үш құтқарушы мен жүргізуші автобуспен шығады. Бірақ оларға жер опырылды деп ешкім айтпаған. Шахтаға кетіп жатқанда жер опырылып, автобус жер астына түсіп кеткен",- деді келіншек.

Ол адамдардың бұл апатқа өте селқос қарағанын айтады.

"Сол жолда ешқандай прожектор жоқ. Қараңғы. Бірінші күні сағат жетіде жұмысты тоқтатып тастады. Келесі күннен бастап нақты жұмыстар атқарылды. Бұл жағдай СНГ бойынша бірінші рет. Қабдулов осы шахтада 51 жыл қызмет атқарған Терешковты 4 не 5 күні  ғана кіргізген. Ол 1 қаңтардан жұмыстан босаған. Екеуі келіспей Қабдулов төрт күн бойы өзінің беделі үшін оны жақындатпаған. Терешков сол жердің бәрін жатқа білетін адам",- деп күйінді құтқарушының жары.