Bugin

Салтанат Нүкенованың өлімінен 90 жастағы әжесі әлі хабарсыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Салтанат Нүкенованың өлімінен 90 жастағы әжесі әлі хабарсыз, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Гиперборей YouTube арнасының жүргізушісі Вадим Борейкоға сұхбат берген.

Ол Қуандық Бишімбаев сот жақындаған сайын босап шығудың бар амалын қарастырып жатқанын айтты. 

Салтанат Нүкенова қаза болғаннан кейін Айтбек оның заттарын алуға Бишімбаевтың үйіне барған. Ал оның туыстары Салтанаттың алтын бұйымдарын бермеген, алып кетуге қарсылық танытқан. Айтбектің айтуынша, ол көп затын тұрмысқа шықпай тұрып алған көрінеді.

Айтбек Амангелді Салтанаттың өлімін 90 жастағы әжесі әлі білмейтінін жеткізді. 

"Әр жаңа жылдың қарсаңында әжемізге баратын едік. Бұл бізде дәстүр болып қалған. Ол қарт кісі. Осы жылы 90- ға толады. Ол Салтанаттың өлімі туралы әлі білмейді. Өйткені ол Салтанатты қатты жақсы көретін. Бұл хабарды оған айтуға дәтіміз бармады. Әрі әжеміздің денсаулығын уайымдадық. 

Оған әр барғаным сайын "Салтанат аман ба?" дейді. Бәрі жақсы сияқты түр жасап, жауап қайтарамын. Бұл өте ауыр",- дейді Айтбек Амангелді.