Bugin
Фото: AFP
Исландияның Гриндавик қаласының солтүстігінде жанартау атқылады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Исландияның Ұлттық метеорологиялық қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Түнде аймақта жер асты дүмпулері күшейіп, жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 3:00-де үкімет тұрғындарды эвакуациялау туралы хабарлады.
Гриндавиктің солтүстігінде салына бастаған қорғаныс бөгеттерінің екі жағында да жарықтар пайда болғанын хабарлады. Түнде лаваның атқылауын бақылау камералары жазып алған.
Бұл Исландияда соңғы екі жылдағы бесінші жанартау атқылауы. Гриндавик елдің оңтүстік-батыс бөлігіндегі Рейкьянес түбегінде орналасқан. 4000 халқы бар, негізінен балық аулаумен айналысады. Дәл Гриндавик аймағында соңғы тіркелген жанартау атқылауы 2023 жылдың 18 желтоқсанында болды. Оның алдында бірнеше аптаға созылған жер сілкінісі болды.
Ол кезде Гриндавик тұрғындары атқылаудан бірнеше апта бұрын эвакуацияланған болатын. Жағдай тұрақтанған соң, оларға оқтын-оқтын қысқа мерзімге үйлеріне қайтуға рұқсат етілді.
Исландия арал мемлекеті Солтүстік Атлант мұхитында Еуразиялық және Солтүстік Американың тектоникалық плиталарын бөліп тұратын Орта Атлант жотасында орналасқан. Бұл елде 30-дан астам белсенді жанартаулар бар.