Bugin
Фото: әлеуметтік желіден
Ақын Ілияс Жансүгіровтің қызы Ильфа Ильясова дүниеден өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қаралы хабарды Facebook әлеуметтік желісінде Жанар Жандосова хабарлады.
"2024 жылдың 14-қаңтарында 89-ға қараған шағында ақын Ілияс Жансүгіров пен Фатима Ғабитованың қызы, қоғам қайраткері Санжар Жандосовтың жұбайы, дарынды ұстаз, қайсар әйел Ильфа Ілиясқызы Жандосова-Жансүгірова өмірден озды.
Қымбатты жақын-жұрағат, дос-жаран, анамыз Ильфа Ілиясқызының көзін көрген барша қауым. Қонақасы дастарханы 16-қаңтар, сағат 18.00-де "Жұлдыз" мейрамханасында жайылады. Қоштасу (шығару) 17-қаңтар, сағат 10.00-де үйде (Шевченко к-сі, 5 үй, 5 пәтерде, ас намазы сол күні, сағат 12.00-де "Жұлдыз" мейрамханасында оқылады", деп хабарлады Жанар Жандосова.
Әлеуметтік желі арқылы марқұмның балалары мен туыстарына көңіл айтып жатқандар көп.
"Ілиястай ақиық ақын мен Фатимадай қайсар арудың соңғы шыбығы үзілді. Қазақтың қайраткер қызы Ильфа Ілиясқызы мәңгілік мекеніне оралды. Соңынан ерген сүйікті інісі Муратик - Мұрат Мұхтарұлы, әрқайсысы қоғамда ойып орнын алған қыздары - Ажар, Дина, Жанар, Фатима, қаза қайғысына ортақпын", - дейді Қалдыгүл Жаныбаева атты Facebook қолданушысы.