Bugin

Wildberries-тің өртеніп кеткен қоймасынан 16 қызметкер іздестіріліп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан үзінді

Wildberries 13 қаңтар күні Санкт-Петербургтегі Шушары ауылындағы қоймада болған 16 адамды іздеп жатыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта 16 адамды іздеп жатырмыз", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Wildberries баспасөз қызметі Шушарыда өртенген қойманың 49 қызметкерінің байланысқа шықпағанын, компания өкілдері олардың жақындарымен байланыста екенін хабарлаған.

13 қаңтарда Санкт-Петербургтегі Шушары ауылындағы интернет-дүкеннің қоймасында өрт шықты. Wildberries баспасөз қызметінің мәлімдемесінде сол күні Мәскеу уақытымен 07:20-да қоймада 1,2 мың адам болғаны айтылған. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Тергеу комитеті өртке қатысты РФ Қылмыстық кодексінің 201-бабы (қызмет бабын асыра пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғады.