Bugin
17 жыл бойы құлдықта болған апалы-сіңлі алғаш рет ата-анасы туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Видеоны мына сілтемеден көре аласыз https://t.me/buginkz_kz/5080
5 ай бойы "Көреміз" бағдарламасының бақылауында жүрген апалы-сіңлі ашылып сөйлей бастады. Олар осыған дейін ата-аналары туралы ашып ештеңе айтпаған еді. Әлеуметтік желіде Назгүлдің ата-анасы туралы сыр шерткен видеосы тарады. Ол видеода ата-анасымен өткізген уақыттары, қызық шақтары туралы сыр шерткен.
"Анам жақсы еді. Әкемде жақсы еді. Үнемі әкем мені ертіп жүретін. Әкемнің жанында көп жүретінмін. Құндыз кішкентайынан үндемей қалған қыз еді",-дейді Назгүл.