Bugin

Тоқаев Италия мен Ватиканға не себепті баратыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ақорда

Президент 18-19 қаңтар күндері Италия және Ватикан мемлекеттеріне ресми сапармен барады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев сапарының алғашқы күні Рим қаласында Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.

Сонымен қатар Президент "Қазақстан-Италия" инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы келесі күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі.

Бұдан бөлек, Президент БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) және Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының (WFP) штаб-пәтерлеріне барады.