Bugin

Жұмысшы жұмбақ жағдайда пойыз астына түсіп қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Жұмысшы пойыз астына түсіп қалды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Шұбаркөл Көмір" АҚ ішкі теміржол желісінің бағыттау бекетінің кезекшісі беймәлім жағдайда пойыз астына түсіп қалды.

Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, кәсіпорынның ішкі теміржол желісінде қызметкердің өліміне әкеп соқтырған жазатайым оқиға болған. Жұмыс кезінде бағыттау бекетінің кезекшісі бос вагондардың астына түсіп кеткен. Компанияның баспасөз қызметі:

"Болған оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу басталды. „Шұбаркөл Көмір“ ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына көңіл айтады және қажетті көмек көрсетеді", - деп мәлімдеді.

Жұмысшы қайтыс болды.