Bugin
Фото: depositphotos.com
Адам тағдыры сан тарау жолға бастайды. Қызығы сол – келесі адымда не боларын жоспары бар адам да айта алмайды. Біздің кейіпкеріміз баласын босанып, ары қарай қалыпты өмірге оралар ма еді?! Егер 22 жыл ұйықтамағанда… Bugin.kz тілшісі Августин Леггардтың уысынан сусыған 22 жылы туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынады.
Норвегия тұрғыны Августин Леггард өте ауыр жағдайда босанады.
Қызын босанғаннан кейін бірнеше сағаттан кейін талықсып ұйықтап қалады. Бұл ұйқы 22 жылға созылады. Оның ұйқысы біртүрлі еді. Оянбайды. Бірақ тамақтандырғанда бірден аузын ашады. Инъекциялар мен соққыларға мүлдем жауап бермеді. Жылдар өтіп жатты. Әйел қартайған жоқ. Жап-жас, әжімсіз сымбатын сақтап ұйықтап жатты. Бұл аралықта күйеуі қартайып, жүзі солғын тартты.
Өзіне қатты ұқсайтын қызы өсіп, анасының қолқанатына айналды. Араға 22 жыл салып, Августин оянып кетеді.
"Фредерик, қазірдің өзінде кеш шығар", - деді ол, - "баланың қарны ашты, мен оны тамақтандырғым келеді..."
Ол оянған соң 22 жыл бұрынғы өмірін қайта сүргісі келді. Күйеуі мен қызы оның жастығына таң қалды. Оянған соң келіншек тез қартая бастаған. Әйел ұйқыда жатқанда, күйеуі 22 жыл бойы күткен. Қызын өзі өсірген. Бір жылдың ішінде ол кемпірге айналып, бес жыл ғана өмір сүреді. Босанғаннан кейін 22 жыл ұйқыда болған келіншек, 5 жыл ғана қалыпты өмір сүре алған.
Келіншек летаргиялық ұйқыда болған. Әдетте летаргиялық ұйқыдағы адамның жүрек соғысы баяу болады. Сондықтан ондай адамдарды өлдіге санап жерлейді. Летаргиялық ұйқыдағы адам қартаймайды.