Bugin

"Жұмысшыларды қорғамақ болған": белгілі депутатты пышақтап кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: facebook.com/Даурен Слямов 

Үшарал қаласында салынып жатқан нысандардың бірінде депутатты пышқтап кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Жетісу облыстық ПД парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға  24 жастағы жергілікті тұрғын ішіп алып жұмысшыларға маза бермегеннен соң басталған. Мас жігітке басу айтқан 34 жастағы ер адам пышақ жарақатын алып, оқиға орнында қайтыс болған.

Артынша, марқұмның Алакөл аудандық мәслихатының депутаты Дәурен Слямов екені анықталды.

Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарламасында:

"Қоңырау түскеннен кейін 5 минут ішінде оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ұсталған азамат Алакөл аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер жария етілмейді", – делінген.