Bugin

"Әйелімді еркектерге сатады": ер адам өзінен 24 жас кіші жары мен балаларынан айырылып қалғанын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скрин

Түркістандық Әбдәкім Төлепов 12 жыл азаматтық некеде тұрған жары мен балаларынан айырылып қалған. Осыдан 10 ай бұрын балдызы жары мен балаларын алып кетіпті. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі “Астарлы ақиқат” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“2017 жылдан бері ол алып кетіп қалады. Ашығын айтайын, ол әйелімді еркектерге сатады. Ұрып ұстайды. Кемпірдің баласы да ұрады. Өзінің туған сіңілісі өтірік әдемі сөйлеп, былай шыққанда ұрады екен. Жұмысқа шығарады екен. Асханаға 3 мың теңгеге жұмысқа шығарып, ақшасын өзі алады екен”,-дейді ол.

Әбдәкімнің жары өзінен 24 жас кіші екен. Жарының сіңілісі Айтолқын да оқиғаны өзінше айтты. Студияда екі тарап төбелесіп қалды.

“Сен жақсы болсаң, әпкем сенен қашып келмейтін еді. Қарлығаш деген куәгер бар. Ол қашып келді”,-деді сіңлісі.

Әбдәкім “Салтанаттың тұңғышы Айтолқын сатты” деп айып тақты. Ол қызды балалар үйінен заңды түрде бай отбасынан асырап  алды.

Салтанат 10 айдан бері сіңілісіне қашып кеткенін айтады:

“Күйеуім балаларды мойындамайтын. Балалар менен емес деп айып тағатын. Ол ұрып, жанжал шығаратын”,-деді.

Әбдәкім Салтанатқа қайнаған су құйып, жауын кезінде тастай салқын сарайға қамаған кезі болған екен.

Айтолқын Салтанаттың тыртықтарын көрсетіп, Әбдәкім жасаған қорлықтар туралы айтады.

Бағдарлама соңында Әбдәкім балаларымен қауышып, сыйлық берді.