Bugin

Петропавлда студенттер арасындағы жанжал пышақ жарақатымен аяқталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: skopetro телеграм арнасы

Петропавлдағы колледждердің бірінде 17 жастағы студент жатақханадағы ішімдік құйылған кештен кейін қолынан жарақат алған. Қанға боялған еденнің суреттері әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінде ақпаратты растап, екі жас жігіттің арасындағы жанжал пышақтасуға ұласқанын айтты. Олардың бірі жолдасын пышақтап тастаған. Бұл оқиға 15 қаңтардың кешінде орын алған.

"Петропавлдағы полиция бөлімшесінің қызметкерлері жанжалдың мән-жайлары мен себептерін анықтайды. Іс жүргізу нәтижелері бойынша мұндай жағдай қайталанбауы үшін барлық қажетті шаралар қабылданады", - деп толықтырды полиция.

Іс жүргізу шешімі сот-медициналық сараптама нәтижелерінен кейін қабылданады.