Bugin

"Сара Назарбаеваның шетелге бала сатқаны рас па?": Жанар Байсеміз шындықты айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Тенгриньюс

Журналист, “Шетелдегі қазақ балалары” жобасының авторы Жанар Байсемізова шетелге бала сату ісі туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  Abay Live youtube арнасына сілтеме жасап.

Бағдарлама жүргізушісі Жанар Байсемізге: "Бөбек” қоры арқылы Сара Алпысқызы әке-шешесі тірі балаларды да шетелге сатып жіберген деген ақпаратты оқыдым. Сіз осындай ақпаратпен таныссыз ба?" - деген сұрақ қойды. 

“Испанияда бағдарламаға психолог керек болды. Мен консулдарға өтініш жасадым, олар маған психолог қазақ қызын алып келді. Заң бойынша 90- жылдардан бастап балаларды жібере бастады деп айтады. Бірақ ол қыз одан бұрын кеткен екен. Әке-шешесі қайтыс болған, отбасында 3-4 бала бар. Сол кезде балаларды шетелге жаздық каникулға жібереді екен. Испаниядағы бір отбасына бала болып, екі жақ бір-біріне бауыр басып қалады. Қыз елге келген соң да олармен хат арқылы байланысып тұрған. Ол уақытта Испанияда Қазақстанның елшілігі де жоқ. Сонда қызды Испанияға Ресей арқылы алып келген. Ресей арқылы алып кетсе, демек біздің елдің статискасына тіркелмеген. Осындай оқиға ашылды. Сол кезде Сара Назарбаеваның бағдарлмасымен солай кеткен екен. Отбасы қызды жақсы көріп қалып, қызды да, сіңілісін де асырап алып кеткен екен. Бауыры ғана Қазақстанда қалған. Ғинаят деген ағасы бар, соған жылап сәлем  жолдайды", - деді журналист.

Олар қай жерден ақша табуға болады, соның бәрімен айналысқан" деп айтылып жатыр ғой қазір. Тіпті адамдардың бес мың теңгелік билетінен ақша істеген деседі",- деді жүргізуші.

"Сара Алпысқызы бәрін сатты деп айтқым келмейді. Былай қарап тұрсақ, бұл логикаға сай емес. Ол кісіде бала сату бизнесінен бөлек те ақшалары көп қой. Сара Назарбаева сол кезде жетім балалардың көбін көріп, жақсылық істегісі келген шығар деп ойлаймын. Осы дүние басында ізгілік ниетте басталған сияқты. 
Осы жолы маған ашылған бір ақпарат - делдалдар болған екен. Мысалы министрлік пен “ненің” ортасында бір компания болған. Олардың атауы “Туристік компания” деп тіркеледі. Мен тіпті фейсбуктен оларды көрдім. Солай олар адамдарға “мынанша ақша әкеліңіз" дейді, сосын олар ақша алып келеді, кейін ақшаны бөледі. Қазір бұрынғы президентпен бірге сол кісінің де аты желіде көп айтылады. Көп жаралар ашылып жатыр, сондықтан мен өзімді біртүрлі сезінемін" дейді ол.