Bugin
Фото: әлеуметтік желіден алынды
Әнші Рахат Тұрлыханов әйелін ұрғаны үшін 10 тәулікке қамалады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Алматы сотында Рахат Тұрлыхановтың ісі жабық режимде қаралды.
"Сот алқасы осы материалды қарау барысында бұрын жұбайына бірнеше рет қол көтеру дерегі болуына байланысты бірінші сатыдағы сот шешімімен келіспеді. Алматы соты алқасының шешімі бойынша, Алматы әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімі өзгертілді, - делінген сот хабарламасында.
Сот қаулысымен Тұрлыхановқа қатысты жазалау шарасы ескертуден 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасына өзгертілді. Қаулы заңды күшіне енді.