Bugin

"Ұлттық қор - балаларға": Қаражат алатындардың тізімі жасалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ "Ұлттық қор - балаларға" жобасы арқылы қаражат алатын қазақстандықтардың тізімін жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы 16 қаңтарда қордың баспасөз қызметі хабарлады.

"БЖЗҚ жобасының операторы "Ұлттық қор - балаларға" жобасы бойынша алғашқы трансферттерді алатын қазақстандықтардың тізімін жасап қойды, 2024 жылы 18 жасқа толатындарды қосқанда 7 миллионға жуық бала ақша алады. Тізім тексеріліп жатыр", - деді қорда.