Bugin
Фото: pexels.com
Егіз босанған 22 жастағы келіншек ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқиға Қырғызстанда болған. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Раиса Асылбасованың мәліметінше, келіншек жүктіліктің 34 аптасында қан қысымының көтерілуімен ауруханаға түскен. Дәрігерлер кесір тілігі арқылы келіншекті босандырған. Келіншек егіз ұл босанған.
"Операция жақсы өткен. Бірақ келіншектің қан қысымы көтеріліп, басылмаған. Ал балалардың жағдайы жақсы. Дәрігерлердің қарауында. Жас келіншектің өлімі бойынша тергеу жүруде",- дейді Раиса Асылбасова.