Bugin
Фото: видеодан скриншот
50 жыл бұрын ата-әжесінің қолында қалған ұлы мен құса болған анасы қауышты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі “Бармысың, бауырым?” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Екі жас екі жаққа кеткенде, ұлын келіншектен бөліп алып қалады. Қазақ радиосындағы “Бармысың, бауырым?” хабарына қызылордалық Арайлым Әсетқызы хабарласады. Ол әкесі Әсет Баймаханның анасын іздейді. Арайлым:
“Осыдан 50 жыл бұрын ата-анасы ажырасуға шешім қабылдаған екен. Менің әкем 2 айлық кезінде ата-әжесінің қолында қалған. “Жастығыңды қор қылма, тұқымымыз өзімізде қалсын” деген ниетпен тек өзін қайтарыпты. Ол кезде әжеміз Нұрдамал 19-20 жаста екен. Ата-енесінің сөзінен аса алмаған”,-деді.
Нұржамал әжесін іздеген қыз 5 немесересі бар екенін айтты.
Әсет 50 жылдан кейін толқып анасымен кездесті. Анасы мен ұлы жылап қауышты. Көз жасына ерік беріп, қуаныштан жылады.