Bugin

Арқалықта ақтүтек боранда жоғалған малшы 3 күннен соң табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: polica.kz

Арқалықта 13 қаңтар күні жергілікті малшылар қарлы боранда далаға кеткен жылқыларынан айырылды. Шопандар көлікпен іздеуге шығып, Ақмола облысынан тауып алған. Көлік қарға кептеліп қалған. Жылқыларды күзетуге қалған шопан адасып кеткен. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі policia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Үш күн бойы ауа райының қолайсыздығына қарамастан 50 адамнан құралған топ іздеу жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Құтқарушылар, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер және жергілікті тұрғындар. Әуеден іздестіру жұмыстарына ауа райының қолайсыздығы кедергі келтіргендіктен, олар ер адамды жаяу және квадрокоптер арқылы іздеді.

Жоғалған шопанды үш күнне соң полиция қызметкері Восточное ауылының маңынан тапты. Арқалық ауруханасына үсік шалған ер адам жеткізілді.