БІЛІМ

100 долларда бейнеленген Франклиннің қандай құпиясы бар?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Қолына 100 долларды ұстаған адамдарға суреттегі қарияның түрі таныс. Оны ел жақсы көреді. Себебі ол молшылықтың символына айналғандай. Оның адамдардың өмірін жақсартуға қосқан үлесі туралы көбі біле бермейді. Bugin.kz тілшісі 1706 жылы 17 қаңтарда дүниеге келген Бенджамин Франклиннің өмір жолы туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынады.

Франклин 1706 жылы Бостонда шырақ жасаушының 15-перзенті болып дүниеге келген. Он жасында мектепті тастап, ағасының баспаханасына шәкірт болады.

Франклин электроэнергетика, метеорология және оптика салаларына елеулі үлес қосқан өздігінен білім алған ғалым. Ол электр қуатымен тәжірибе жасады. Өзі де жаңалық ашқан.

Франклин даналық сөздер мен нақыл сөздерден тұратын танымал “Кедей Ричардтың альманахы” сияқты көптеген кітап пен эссенің авторы болды. Оның жазушылық қыры да болған.

Франклин – баспаханасы, газеті және кітап дүкені болған табысты кәсіпкер. Ол сондай-ақ Филадельфиядағы алғашқы қоғамдық кітапхана мен өрт сөндіру үйін құруға көмектесті.

Франклин Америка революциясының басты тұлғасы болды. Тәуелсіздік Декларациясын және АҚШ Конституциясын әзірлеуде маңызды рөл атқарды.

Ол дипломат болды. Революциялық соғыс кезінде АҚШ-тың Франциядағы елшісі қызметін атқарды.

Франклин өнертапқыш та еді.  Бифокалды, найзағай, Франклин пеші және шыны гармоника сынды көптеген жаңа нәрсе ойлап тапты.

Франклин филантроп болды. Қоғамға көмектесті. Ол Пенсильвания университетін және Америка философиялық қоғамын қоса алғанда, көптеген институттың негізін қалады.

Белгілі тұлға ет жемеген. Денсаулығын сақтап, ұзақ өмір сүру үшін қарапайым диетаның пайдасы бар екеніне сенді.

Франклин білімге құштар полимат болды. Бірде ол: "Білімге инвестиция жасау ең жақсы қызығушылық әкеледі", - деген.

Бенджамин Франклин Америка тарихындағы көптеген салада озық әрі артында мәңгілік мұра қалдырған көрнекті тұлға болды. Оның ғылымға, әдебиетке, бизнеске, дипломатияға және филантропияға қосқан үлесі бүгінде адамдарды шабыттандырып жатыр.

Енді, ең басты сұраққа оралсақ: неліктен ол 100 долларлық купюрада бейнеленген? Бенджамин Франклин АҚШ-тың Тәуелсіздік Декларациясы мен Конституциясына қол қойғандықтан, 100 долларға оның суретін бейнелеген.

Дереккөз: Про успех. Яндекс дзен