Bugin

Қазақстанда аяз қашан басылатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото. depositphotos

Синоптиктер Қазақстанда 18-20 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде аязды ауа райын тудырған кең ауқымды антициклонның әсері төмендей бастады. Сондықтан температураның біртіндеп көтеріліп, аздаған қар жаууы мүмкін.

"Ал республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады. Жауын-шашын негізінен қар түрінде, көктайғақ күтіледі, бұрқасынмен жел күшейеді. Түнде және таңертең ел аумағында тұман күтіледі", - делінген хабарламада..