Bugin

"Арқалықтан 80 бүлдіршін шет ел асқан": Бельгиялық баланың тағы бір болжамды анасы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: әлеуметтік желіден

Журналист, "Бармысың, бауырым" бағдарламасының жүргізушісі Қымбат Досжан бельгиялықтар асырап алған қазақ баласының тағы бір болжамды анасы табылғанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

"Оқиғаны зерттеу барысында 2000 - 2004 жылдар аралығында Арқалықтан 80 бүлдіршін шет ел асқанын анықтады. Бұл балалардың барлығы заңды түрде шетел асты ма екен? Бұл қатарда Жәнібек есімі берілген Эдди Жан да бар", - деді журналист.

Бүгін Нұрилә есімді болжалды ана анализ тапсырды.

"Балаң шетінеп кетті деп" денесін де перзентханадан бермеген туған баланы түсік деп тіркеген. Тағы бір ана бүгін анализ тапсырды", - деп айтты Қымбат Досжан желідегі парақшасында.