Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото. видеодан кадр
Доссорда өзін өртеген ер адам бүгін таңертең қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Марқұм күйіктен кейін Атырау облыстық ауруханасында ем алып жатқан.
13 қаңтарда 1961 жылы туған аудан тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберіп, денесінің 70 пайызын күйік шалған болатын.
Марқұм 3 топ мүгедегі. Тұрақты жұмысы жоқ адам ретінде есепте тұрған. Мал баққан, мектепке уақытша аула тазалаушы болып жұмыс істеген.
Марқұмның артынан алты баласы қалған.