Bugin

"Әлде менің орныма ауысқан баланың туған күні ме?": Бельгиялық қазақ баласы жан тебірентер жазба жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: әлеуметтік желіден

Бельгиялық қазақ баласы жан тебірентер жазба жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Достар, 17 қаңтар менің туған күнім! Әлде мен туғанда менің орныма ауысқан баланың туған күні ме?..

Дегенмен, 17 қаңтар құжат бойынша менің туған күнім, иә... туған күнім сияқты! 22 жасқа толдым! 22! Бұл менің сүйікті саным, Құдай маған кереметке, жаңалыққа толы жыл сыйлайды деп сенемін",- деп жазды парақшасында.

Бельгиялық қазақ баласы жазбасында болашақтағы мақсаттарымен де бөлісті.

"Менің болашақ жоспарларымның бастысы көптеген замандастарымның биологиялық ата-анасын табуға мүмкіндік берсе екен деймін.

Бүгінгі туған күнімде өзіме де, сіздерге де арман- мақсатымыз орындалып, өзіміз қалағандай өмір сүруді тіледім. Қазақстан халқы! Осыншама жылдардан кейін туған анасын іздеп, туған жерін аңсап келген маған жылу сыйлап, мейірім көрсеткендеріңіз үшін рақмет!", деді ол жазбасында.