Bugin
Фото: imago sportfotodienst / Globallookpress.com
Мұхаммед Әли спорттық даңқтың биігіне жетті және тарихтағы ең атақты боксшы болып саналады. Оның шеберлігі мыңдаған ізбасарлар үшін үлгі болса, жекпе-жектері әлемдік деңгейде аңызға айналды. Bugin.kz тілшісі Мұхаммед Әли туралы бірнеше қызық деректі ұсынады.
Әйгілі боксшының шын есімі Кассиус Марселлус Клей болды, бірақ кейінірек ол есімін “Кассиус Икс”, содан кейін “Мұхаммед Әли” деп өзгертіп, осы атымен танымал болды.
Мұхаммед Әли атақты боксшы болған кезде әскери қызметке шақырылды. Әскерге баруға бас тартқандықтан, барлық спорттық титулдарынан айырылған. Сонымен қатар 3 жыл бойы спорттық жарыстардан шеттетілді.
Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін Мұхаммед Әли белсенді қоғам қайраткері болды және қайырымдылықпен айналысты. 10 жыл бойы ЮНИСЕФ-тің ізгі ниетті елшісі болды.
Мұхаммед Әли ирландиялық болған: оның арғы атасы Америка Құрама Штаттарына қоныс аударып, ХІХ ғасырдың ортасында Кентуккиге қоныстанған ирландиялық азамат.
Оның атын ата-анасы ХІХ ғасырда құлдықты жою және құлдарды босату үшін белсенді күрескен атақты аболиционист Кассиус Марселус Клэйдің құрметіне атаған.
Мұхаммед Әли 12 жасында еңбектеніп тапқан ақшасына сатып алған қызыл-ақ Schwinn велосипеді ұрланған соң, бокспен айналыса бастаған. Ұрлық туралы полиция қызметкері Джо Мартинге хабарлаған соң, ол мұны кім істесе де, ұрып-соғатынын айтқан. Ал оған полицей біреуді ұрмас бұрын алдымен қалай ұруды үйрену керек екенін айтқан.
Мұхаммед Әли алғашқы кәсіби жекпе-жегін 1960 жылы 29 қазанда Тэнни Хунсекерге қарсы өткізді. Жекпе-жек 6 раундқа созылғанына қарамастан, төрешілер жеңісті Клэйге берді. Хунсекер болашақ чемпионмен жұдырықтасқанын атап өтті.
Мұхаммед Әли боксшы ғана емес, жан-жақты тұлға ретінде де танылды. Ол өзінің жеке альбомын шығарды, мюзиклде ойнады және өмірбаянын жазды.
Мұхаммед Әли “Үздік деректі фильм” атанған “Біз патша болған кезде” фильмі үшін “Оскар” алды.
Мұхаммед Әли әуесқой боксшы ретінде өзі қатысқан 108 жекпе-жектің 100-інде жеңіске жеткен.
Ол қарсыластарын ашуландырып, оларды есінен айыру үшін жазған қорлайтын пікірлері мен өлеңдерімен танымал болды.
Мұхаммед Әли төрт рет үйленді. Оның алғаш даяшы Соджи Роймен некелескен. Алайда діні мен мінез-құлқындағы келіспеушіліктерге байланысты үйленгеннен кейін бір ай ішінде ажырасып кетеді.